LANG_USER_MENU_CLEAR

Білім беруде парасаттылық мәдениетін қалыптастыру туралы

BigNews.kz |Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз алаңында «Білім беру саласындағы парасаттылық мәдениетін қалыптастыру туралы» баспасөз мәслихаты өтті. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция департаментінің басшысы Жарова Анар Қалқаманқызы, Агенттік төрағасының кеңесшісі Йылдыз Лейла Бақытбекқызы, «Адал білім» жобалық кеңсесінің администраторы Пен Сергей Геннадьевич және «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының сарапшысы Исаев Болат Қабылдаұлы қатысты.

«Adaldyq alańy» жобасы парасаттылық құндылықтарындәріптеудің басты арнасы болып табылады, оның шеңберіндеоқу орындарында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға, ашықтықты қамтамасыз етуге және парасаттылық мәдениетін нығайтуға бағытталған «Sanaly urpaq» бағыты белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда гранттарға ауыстыру кезінде, емтихан өткізу кезеңінде пара беру мен ағайынгершілік тәжірибесі бар екендігін көрсетті. Проблемалар өзегі– академиялық бейберекеттік. Бұл тұрғыда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 12 озық білім беру ұйымын біріктіретін Академиялық адалдық лигасы құрылды.

Өзара бағалаулар негізінде оқу орындары Агенттік қауымдастырылған қатысушының рөлінде шыға отырып әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан мониторингтіжүзеге асыруда.

Бүгінде академиялық адалдықтың халықаралық стандарттарына ҚР Президенті жанындағы МБА, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ, Алматы менеджмент университеті, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ, ҚБТУ, Сүлеймен Демирел атындағы университет және Халықаралық бизнес университеті сияқты ЖОО-лар сәйкес келеді. Олар сыбайлас жемқорлықтан таза мекемелер болып табылады.Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі (82%-ға дейін)білім беру және білікті кадрларды дайындау сапасын көрсетеді.

Пайда алуды барынша арттыру мақсатында жекелеген жеке меншік жоғары оқу орындарында (116 азаматтық ЖОО-дан 57-ci жеке меншік) білім беру сапасының төмендеу тәуекелінің алаңдаушылық туғызбауы мүмкін емес. 2018 жылы белгілі бір мамандықтар бойынша дайындауға лицензиядан 20 жеке меншік ЖОО айырылды.

Бұл тұрғыда алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі бойынша бірлесіп басқаруды күшейту маңызды бағыт болып табылады. Қазіргі уақытта еліміздің 42 ЖОО қамқоршылық кеңестері, 26-сында қадағалаушы кеңестер, ал 24-інде директорлар кеңестеріқұрылған.

ЖОО-лар мен колледждерде білім алушыларға ыңғайлы болуы және бюрократиялық рәсімдерді болдырмау үшін, студенттерге қызмет көрсететін және өзіне-өзі қызмет көрсететін 512 орталық пен бұрыштар ашылды. Олар анықтама беруден бастап тәжірибеден өтуге бөлінгенге дейін оқу-білім беру қызметтерінің кең ауқымын ұсынады.

Агенттік қоғамдастықпен бірлесіп, оқу орындарының жатақханаларында бөтен адамдардың заңсыз тұруын анықтау үшін инспекциялар өткізеді. Өткен жылы осындай 84 факт анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, жатақханалардан бөлме беру процесі электронды форматқа кезең-кезеңімен ауыстырылуда.

Білім және ғылым министрлігінің жобалық кеңсесімен бірлескен бастамалар іске асуда.

Агенттіктің бастамасымен қоғамдастық тарапынан 500-ден астам бақылаушы, оның ішінде арнайы мониторингтік топтар, Агенттіктің және Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері күш біріктіріп, елдің барлық өңірінде магистратураға түсуге өткізген қоғамдық мониторинг іске асырылған бастамалардың айқын үлгісі.

Білім беру мекемелері әкімшілігі мен оқушылар арасындағыкері байланысты орнату үшін 60-тан астам open space құрылды және мемлекеттік ұйымдардағы олардың жалпы санының (400-денаса) 15% құрайды.

БҰҰДБ мен ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен Transparency Kazakhstan-менбірлесіп еліміздің барлық аймағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өткізілді. Осы мектептердің түлектері парасаттылық «елшілеріне» айналған лекторлар пулын қалыптастырды.

Еліміз бойынша биылғы оқу жылының алғашқы аптасы парасаттылық аптасы болып жарияланды. Бірінші күні Агенттік қызметкерлері лекторлар пулын және белсенді қоғам қайраткерлерін тарта отырып, бір мезгілде еліміздің 6800 мектебінде 900 мыңнан астам оқушыны қамтып, «Парасаттылық сағаты» акциясын жүргізді. Осы тәжірибе тоқсан сайынғы негізде жалғасатын болады.

Бұдан басқа, парасаттылық аптасы барлық оқу орындарында қоғамдық бастаулардағы парасаттылық жөніндегі уәкілеттілер басқаратын аттас мектептер құруға негіз болды.

Білім беру призмасы арқылы парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша Агенттік келесі ұсыныстар кешенін әзірледі:

  • білім берудің барлық деңгейінде міндетті оқу пәнін енгізу(сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, академиялық адалдық, парасаттылық);
  • білім алушылар сияқты, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрам үшін академиялық парасаттылық стандарттарын және оларды бұзғаны үшін жазалау регламенттерін (плагиат, көшіру, бағасын жақсарту үшін сыйлықтар мен сыйлар және басқалар) енгізу;
  • бұрын оқудан шығарылған адамдарға академиялық парасаттылықты бұзғаны үшін ЖОО-ларға түсуге 1 жылғы мерзімге тыйым салу;
  • қоғамдастықтың колы жететін дипломдық жұмыстардың, магистрлік және докторлық диссертациялардың бірыңғай электрондық деректер базасын (блокчейн) құру;
  • басқару кеңестерінің қызметін регламенттеуді заңнамалық қамтамасыз етіп, оқу орындарында корпоративтік және алқалы басқаруды жүзеге асыру сапасын күшейту;
  • білім алушылар үшін оқу орнына қабылдаудан, анықтама беруден бастап аттестаттар мен дипломдарды беру рәсімдеріне дейін көрсетілетін барлық қызметтерді цифрландыруды жеделдету;
  • барлық ЖОО-ларда аккредиттеу рәсімдеріне ұқсас сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізу;
  • жеке меншік ЖОО-ның сапа стандарттарынасәйкестігін тексеру;
  • ЖОО бейініне сәйкес мамандықтар бойынша ЖОО-ның білім беру қызметін жүзеге асыруын нақты регламенттеу;
  • ТжКБ мемлекеттік тапсырысын қалыптастыру кезінде өңірлердің техникалық мамандықтар тапшылығына сапалы талдау жүргізу:
  • open space қолдануды кеңейту және білім беру саласының мекемелерінде «парасаттылық хабтарын» (коворкингтер, дәрістер) құру.

Бейінді министрліктің және оның ведомствоға бағынысты ұйымдарын оңтайландыру арқылы білім беру саласындағы қызметшілердің жалақысын көтеру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудегі түйінді ұсыныс болып қала беруде.

15:21
839
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: