LANG_USER_MENU_CLEAR

Азаматтарды қабылдау

BigNews.kz |

Құрметті желі қолданушылары!

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев азаматтардың өтініштері мен шағымдарына, қабылдауларына ерекше назар аударады.Азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау Агенттік қызметінің басты приоритетті бағыттарының бірі болып табылады. Аталған бағыттағы жұмыс Алматы облысында да жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент (бұдан әрі - Департамент) басшысымен азаматтардың проблемалары мен мәселелерін шешу бойынша өнімділігін нақты арттыру міндеті қойылған.

Осыған байланысты өтініштердің толық, сапалы және уақытылы қаралуы қамтамасыз етіледі. Азаматтаррдың қайта түскен шағымдары мен өтініштерінің себептері мен оларды жою бойынша ұсыныстарды енгізумен үнемі мониторинг жүргізіледі.

Бұдан басқа, КҮНДЕЛІКТІ Департамент басшысымен ғана емес, оның орынбасарларымен де азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі.

Сонымен қатар, шығумен жеке қабылдаулар жүзеге асырылады, ол – Нұр-Отан партиясымен бірге қабылдаулар және Алматы облысының шалғай аудандарында орналасқан жергілікті атқарушы органдарда өткізілетін қабылдаулар.

Сонымен бірге, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты түпкілікті жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау үшін «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылған, онда азаматтар өз ойларын ашық білдіріп, өтініштер жаза алады.

Бұдан басқа, Департаменттің әкімшілік ғимаратының жанында өтініштер бойынша сапалы және уақытылы шаралар қолдану үшін «Open space» көмек көрсету орталығының құрылысы жүріп жатыр.

18:52
840
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: