Алматы облысының имамдары электронды үкімет порталымен жұмыс жасауды үйренуде

Алматы облысының имамдары электронды үкімет порталымен жұмыс жасауды үйренуде

BigNews.kz |

Алматы облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында, атап айтқанда 2019 жылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа 80% - ға, ал 2020 жылы кемінде 90% - ға ауыстыру бойынша кешенді шаралар қабылдануда.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалымен Талғар қаласының Д. Қонаев атындағы заң колледжінде және Текелі қаласының кәсіптік колледжінде «Электронды үкімет порталы» және «EgovKzBot» арқылы электронды форматта мемлекеттік қызметтерді алу бойынша Алматы облысының 150 имамын оқытты.

Бүгінгі танда, азаматтарға телеграмм-бот «EgovKzBot» арқылы 25 мемлекеттік кызмет алуға мүмкіндікі бар, бұл тізімде ең көп сұралатын «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру», «Дәрігердің қабылдауына жазылу» сияқты мемлекеттік қызметтер бар.

Өз кезегінде, қызмет алушылармен кері байланысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындайтын мәселелерді жедел шешуге арналған «Digital agent» қосымшасы арқылы өзара іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.

17:35
205

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: