ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

BigNews.kz |Қазіргі кезде өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, жаһандық көзқарасы бар елдің Адал ұрпағын тәрбиелеу аса маңызды. Саналы және Адал ұрпағы бар елдің болашағы әрқашан дажарқын болады. Ата-бабамыз «Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді» деп айтып өткендей, бүгінгі күні өскелең ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрі нығайту, жастардың құқықтық білімі және мәдениеті деңгейін арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Егер біз өскелең ұрпақтың аса маңызды адами құндылықтарының бірі ретінде адалдықты қалайтын болсақ, таяу жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жағдайды өзгертуге болады.

Сондықтан, Агентіктің барлық бастамалары әділдік, адалдық, парасаттылық, сенім құндылықтары арқылы жүзеге асырылатын болады. Біздің жұмысымыздың негізгі тіні – әділдік. Әділдіктің басты өлшемі —адам құқықтары теңдігінің жүзеге асуы.

Қазіргі кезде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Оның ішінде жастармен жүргізген жұмыстарды ерекше атап өткен жөн. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады.Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады», - деп атап өткен болатын.

2019 жылдан бастап облысымыздың бірқатар мекемелерінде және оқу орындарында Адалдық дүкендері -«Интегрити шоп» ("Integrity Shop") жобасы іске қосылды. Яғни, әрбір азамат қажетті сомаға тауарлар алып, оның құнын үйреншікті кассалық аппараттарды ауыстыратын арнайы жәшікте қалдырады. Мұндай механизм бірнеше жыл бойы Скандинавия елдерінде табысты қолданылады. Осындай дүкендерді енгізу азаматтардың жақсы қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеуге бағытталған. Біздің басты мақсатымыз - біртіндеп қоғамда сенім атмосферасын құру, әрбір азаматтың өзін адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру. Бұл жағдайда бейтаныс адамның, мысалы дүкен иесінің сенімін ақтау қазіргі жастардың мінез-құлқына арналған норма болуы тиіс.

Сондай-ақ, азаматтардың негізгі өмірлік ұстанымдары мен адами құндылықтары жастық шақта қалыптасатыны ескере отырып облысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп табалдырығынан қалыптастыру мақсатында оқушылар арасында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылды, ал колледждер мен жоғары оқу орындарында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы іске қосылды.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары 700 астам орта білім беру мекемелерінде құрылып, 200 мыңнан астам оқушы аталған клубтың мүшесі ретінде тіркелген.

Сонымен қатар, облысымыздың 60 жуық орта арнайы (кәсіби) және3 жоғары оқу орындарында «Саналы ұрпақ» жобасының кеңселері ашылып, осы бағыттағы жұмыстар үйлестірілуде. Алдағы уақытта тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ғана емес, жалпы білім саласындағы инновациялық технологиялар зертханасы, сондай-ақ кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға елеулі септігін тигізетін орталыққа айналатыны анық.

Осылайша еліміздің нағыз ұлтжанды ұрпағы болып тәрбиеленіп келеді. Яғни, Қазақстанның болашағы осындай ұлтжанды, білімді, адал әрі парасатты жастардың қолында екендігін ұмытпауымыз қажет.

17:49
171

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: