АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ «INTEGRITY SHOP» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ!

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ «INTEGRITY SHOP» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ!

Алматы облысының түзету мекемелерінде заманауи азық-түлік сатып алуға арналған «Integrity Shop» жобасын іске асыру мақсатында, Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері «Жетісу – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында түзету мекемелеріне аталмыш жобаны енгізудің бірқатар артықшылықтары айтылды.

Жоба ерекшелігі - бас бостандығынан айырылған азаматтар туысқандарының келуінсіз-ақ, кажетті азық-түліктерге терминал арқылы тапсырыс бере алады. Өз кезегінде, жауапты мекемелер берілген тапсырыстар негізінде азық-түліктерді уақытылы жеткізіп тұрады.

Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілінің айтуынша, ЛА-155/14 мекемесінде аталған жобаны пилотты түрде іске қосу жоспарлануда. Осы жоба сәтті іске асыралатын болса, облыстың барлық түзету мекемелеріне таратылады.
15:54
762

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: