ПОЛИЦЕЙЛЕР ТРАНСФОРМАЦИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТРАНСФОРМАЦИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫ

BigNews.kz |

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалындағы семинар-тренингте аумақтық полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары, қалалық, аудандық, желілік полиция органдарының бастықтары, олардың орынбасарлары, жергілікті полиция қызметінің бастықтарына «Өзгермелі әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәрістің мақсаты: полиция органдарының басшылық құрамының қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, трансформациялық көшбасшылықтың жаңа мәдениетін қалыптастыру, халықпен тиімді коммуникация дағдыларын дамыту. Одан бөлек, өзгерістерді басқару, бастамашылық, шешімдер қабылдау, ынтымақтастық, сыпайылық, жауапкершілік, стресске төзімділік сияқты құзыреттіліктерді қалыптастыру.

Дәріс барысында заманауи мемлекеттік қызметшінің басты құндылықтары - парасаттылық, ашықтық, инновациялылық, тиімділік, нәтижелілік, жауапкершілік, бастамашылдықтың маңыздылығы туралы түсіндірілді.

Басшылық деңгейдегі полицейлерді оқыту 5 күнге созылады.

15:28
102

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: