Түгендеудің толық қорытындысы туралы

Түгендеудің толық қорытындысы туралы

BigNews.kz |

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы тапсырмасына сәйкес Агенттік Қаржы министрлігімен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз ету шын мөлшерлерін сақтау бойынша талдау жүргізілді.

Агенттік және Қаржы министрлігінің бірлескен бұйрығы негізінде Агенттіктің аумақтық департаментерінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерінен құралған 34 жұмыс тобымен мемлекеттік органдарда алып отырған артық алаңдарды анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілді.

Республика бойынша жалпы түгендеуге 7,5 мың мемлекеттік мекемелер қамтылды (ОМО АД – 2 021, ЖАО – 5 511), нәтижесінде органдармен алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын 382 мың шаршы метрге сақтамаулары анықталды.

Талдау мемелекеттік мүлікті тиімді пайдалану бюджет қаражатын үнемдеу үшін қосымша резервтердің ашылуы мүмкін екендігін көрсетті.

Мониторингпен 163,8 мың ш.м. (ОМО АД – 61 мың ш.м., ЖАО – 102,7 мың ш.м.) артық алаңдарды бизнес субъектілерінен алаңдарды жалға алатын басқа мемлекеттік органдарға, немесе жеке және заңды тұлғаларға қолдануға жалға беру мүмкіндігі анықталды.

Осыған сәйкес, жалға беруге жарайтын бос тұрған бөлмелерді қолданбау нәтижесінде жалға беруден бюджетке табыс алынбай ғана емес, оларды ұстауға негізсіз шығындарды көтеруде.

Бұл ретте, соңғы 3 жылда жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін орналастыруға кәсіпкерлік субъектілерінен жалға алу алаңдары 2016 жылы 45,1 мың ш.м-ден 2018 жылы 52,9 мың ш.м. дейін артқандығы анықталды.

Мысалы, Павлодар қаласында 353 ш.м. көлемінде артық алаң бола тұра Павлодар облысы жер қатынастары басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-нан 287,8 ш.м. алаңды жыл сайын 2,7 млн. теңге төлеммен жалға алып отырған.

Дегенмен, осы саладағы қызмет тиімділігінің жеткіліксіздігі бюджетке мемлекеттік мүлікті жалға беруден түскен түсімдерді және жеке мүлікті жалға алуға жұмсалатын мемлекеттік органдардың шығындарын қарапайым салыстыру деңгейінде көрінеді.

2018 жылы жергілікті атқарушы органдардың 29 мың ш.м.алаңдарын 735 кәсіпкерлерге жалға беруден мемлекет 178 млн. теңге пайда алды, ал 142 мемлекеттік органдардың 52 мың ш.м. алаңды жалға алуларынан 1,8 млрд. теңгеден жоғары қаржы шығындалған.

Сонымен қатар, мониторингпен мемлекеттің бір елді мекенінде бір уақытта кәсіпкерлерден бөлме жалға алынатындығы және кәсіпкерліктің өзге субъектілеріне алаңдарды жалға берілетіндігі анықталды.

Мысалы, Алматы облысының Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі «ERNUR» ЖК-ден 49,8 ш.м. көлемінде офисті жыл сайынға 1,2 млн. теңге төлеммен жалға алады, ал Алматы облысының Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі 62,8 ш.м. көлемде артық алаңды «Атамекен» ҰКП-на жыл сайынғы 726 мың теңге төлемге жалға береді.

Мұндай тәжірибе еліміздің бірқатар өңірлерінде қалыптасқан.

Түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында мемлекеттік органдармен жыл сайын бюджет қаражаты жұмсалатын жеке тұлғалардан артық алаңы бар бөлмелерді жалға алу тәжірибесі бар екендігі анықталды.

Мысалы, өзінің теңгеріміндегі ғимаратта толыққанды жұмыс істеуіне жеткілікті 260,6 ш.м. алаңы бар Атырау қаласының құрылыс бөлімі 2018 жылдың қыркүйек айына дейін «Шакбаков» ЖК-мен 6 млн. теңгеге ғимараттың 300 ш.м. алаңын жалға алу үшін негізсіз келісім шарт түзген.

Қарағанды облысы жастар саясаты бойынша басқармасы «Технопарк Сары Арка» ЖШС-нен 112,9 ш.м алаңды асырып жалға алып отыр, бұл ретте асырып алынған алаңнын жыл сайынғы төлемі 4 млн. теңгеден астам құрады.

Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік орган үшін жат жалпы көлемі 41,5 ш.м қонақ үй номерлеріне жасақталған 4 бөлме анықталды. Алайда, осы органға толық жұмыс істеуіне 34,47 ш.мтапшылық болған.

Бұдан қоса, заңнамаға сәйкес жыл сайын айлық есептік көрсеткіштері көлемі өсуіне байланысты жалға алу ақысының базалық мөлшері түзетіледі.

Павлодар облысы Теренкөл ауданы Теренкөл селолық округімен жасалған мүліктік жалға алу бойынша келісім-шарттарды уақытылы қайта қарамауы жергілікті бюджетке 500 мыңнан астам теңге сомасында кем алуға әкелді.

Сонымен қатар, алаңдар көлемінің кішкене болуы, ғимараттардың ішкі жобалау ерекшелігімен және т.б. байланысты анықталған артық алып отырған алаңдардан 218,2 тыс. ш.м оңтайландыруға (қысқартуға) жатпайтынын атап өту керек.

Кейбір жағдайларда алып отырған алаңдардың нормативтен асып кетуі ғимараттардың сипаттамасымен дәлелденеді. Бұл әйнектердің болмауы мүмкіндігі, қызметтік және қосалқы шығу есіктерге бөгет туындауы, сонымен қатар өрт қауыпсыздығын сақтамау сияқты мән жайлар бөлмелерді қайта құруды жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Түгендеу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға қызметкерлерді ұтымды орналастыру, мемлекеттік ұйымдар және кәсіпорындар арасында босатылған немесе артық алаңдарды қайта үлестіру, коммуналдық меншікке немесе жекешелендіруге беруге қатысты шараларды қабылдау бойынша ұсыныстар жолданды.

Осыған сәйкес, анықталған артық алаңдарды басқа мемлекеттік органдарға өткізу және/ немесе жалға беру, объектілерді мемлекеттік коммуналдық меншікке қайтару кезінде бюджеттен жыл сайын 1 млрд. теңгеден жоғары (ОМО АД – 359,6 млн., ЖАО – 644,6 млн.) қаржы үнемдеу мүмкіндігімен оң экономикалық тиімділік күтілуде.

Мемлекеттік меншікті мақсатты және тиімді пайдалануға бақылауды тұрақты түрде жүргізу бюджеттік қаражатты үнемдеу үшін қосымша резервттерді ашуға мүмкіндік береді, оларды мемлекеттік қызметкерлердің еңбек төлемдерін үлкейтуге бағыттауға мүмкін.

Агенттіктің Мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры И. Үйсімбаевтың 2018 жылғы 27 желтоқсандағы брифингке арналған баяндамасы

09:42
256

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: