LANG_USER_MENU_CLEAR

«Өзгерісті өзіңнен баста, мемлекеттік қызметші!»

BigNews.kz |

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындаұлттық бірегейлікті сақтау үшін ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатынын ескертті.

Құрамында 90 мыңнан астам адамы бар мемлекеттік қызметшілер өздері қызмет етіп жатқан елдің тарихын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын білуге міндетті. Өз елінің өткеніне құрметпен қарай алмаған адам болашағы үшін үлес қоса алмайды. Елбасы елдің ертеңіне елеңдеп, осы ауқымды істі қолына алу себебі де осында.

Осы ретте, Агенттікпен бағдарламаның «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы аясында аясында мәдени ашықтыққа, ұлттық рухты нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бірқатар шаралар өткізілді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, әрбір қазақстандық ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болу керек, оның бір факторы мәдени ашықтық.

Осы ретте, ағымдағы жылғы маусым айынан бастап Агенттік және оның аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызметшілер үшін 177 шығармашылық кештер өткізілді.

Кештер барысында шынайы отансүйгіштік, жастардың адамгершілік тәрбиесі, тіл, Қазақстан халқына қызмет ету сияқты өзекті мәселелер көтерілді.

Астана қаласында өткен кештер танымал шығармашылық қайраткерлер және ақындар Бауыржан Қарағызұлы, Дәулеткерей Кәпұлы, Ұларбек Нұрғалым, Балғынбек Имашев, Дәуірбек Құдабайұлы, Роза Мұқанова, Оңайгүл Тұржан, Жадыра Байбұланованың қатысуымен өтті.

Бұл өз кезегінде орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері тарапынан үлкен қолдау, қызығушылық тапты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және «Рухани қазына» бағдарламасының «Аймақтық мәдениет, дәстүр мен құндылықтар» тармағының базалық бағытын іске асыру шеңберінде республика көлемінде 8 айтыс ұйымдастырылды.

Агенттікпен 20 желтоқсанда Көкшетау қаласында қоғам мен азаматтық жауапкершілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті дәріптеген тұңғыш республикалық «Жаңғыруға жаршымыз, жемқорлыққа қарсымыз!» атты айтыс ұйымдастырылды.

Жыр додасында республиканың түрлі қалаларынан жиналған, ұшқыр ой және суырыпсалмалық қабілетімен дараланған «Алтын домбыра» иегерлері Айбек Қалиев, Дидар Қамиев, Айтбай Жұмағұлов, Аспанбек Шұғатаев, Мұxтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Нұрлан Мұсаев, Әсем Ережеқызы, Марат Аxметов, Жарқын Жұпарxан, Құрмет Құралxан, Мұxаммед Қонқаев сынды біртуар ақындар ел алдында бақ сынады.

Осынау айтыста өз өнерін аянбай ортаға салған айтыскерлердің ішінен жеңімпазды анықтау қиынға соққанымен, жүлделі үшінші орынды республикалық айтыстардың жүлдегері, «Айтыс ақтаңгері» медалінің иегері, Қарағанды қаласынан келген Дидар Қамиев, екінші орынды 2 мәрте «Алтын домбыра» атағының иегері, Қызылорда қаласының тумасы Мұхтар Ниязов иеленді. Жүлделі бірінші орынды республикалық айтыстардың жүлдегері, «Айтыс ақтаңгері» медалінің иегері, Қостанай қаласынан келген Айбек Қалиев қанжығасына байлады.

Бұдан бөлек, Агенттіктің аумақтық департаменттерінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер үшін 4948 спектакльдер мен көріністер ұйымдастырылды.

Солардың ішінде, келесі облыстарда өткен көріністер мен спектакльдерді ерекше атап өткім келеді.

Бүгінде Алматы облысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен «нөлдік төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алу және оның себеп-салдары мен тұрмыстық тұрғыдағы сыбайлас жемқорлықты жою бағытында тың бастамалар жасалды.

Алматы облысы әкімінің қолдауымен Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті себепкер болып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кәсіби театр сахнасында қойылатын спектакль жазылды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай, Алматы облысы аумағында жарияланған «Жер жәннатын аялайық, жемқорлықтан арылайық!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлығының аясында Талдықорған қаласының драма театрының сахнасында «Құлқынның құлы» атты болған оқиға ізімен жазылған драма қойылымы өтті.

Өскемен қаласында 30 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық драмма театрында «Ай қараңғысы»» аттыдраманың премьерасы қойылды.

Бұл қойылымда бүгінгі таңда қоғамдағы өте өзекті мәселенің бірі, сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері, оның қоршаған ортаға кері әсері, жастардың тура жолдан адасуы, адамдардың сатқындығы, екіжүзділігі бейнеленген. Қойылым тұсаукесерін облыстағы барлық мемлекеттік қызметшілер мен қала тұрғындары тамашалады.

Қостанай облысында 29 қазанда Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында «Жемқорлық - дерт» аты қойылымының тұсаукесері өтті.

Аталған спектакль мәдениет басқармасы мен қазақ драма театрының қолдауымен Агенттіктің Қостанай облысы департаментінің бастамасымен қолға алынды.

Сюжеттің негізі тақырыбы парақорлық. Қойылымының негізгі тақырыбы жемқорлықтың пайда болуы себептері, сонымен қатар оның қоғамға негативті әсер етуі.

Сананы жаңғырту мақсатында Агенттік және аумақтық департаменттері қызметшілері 131 рет театрларға барып, қойылымдарды тамашалады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалинннің брифингтегі сөзі

09:20
434
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!