ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ

ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ

BigNews.kz |

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қапшағай қалалық ауруханасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді жоспарлауда.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу үшін жүргізіледі.

Осыған байланысты, Департамент жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге мүдделі тұлғаларды шақырады.

Қызығушылық туындаған жағдайда, сыртқы талдау жүргізу кезінде құрылатын жұмыс тобына қосылу үшін түйіндемеңізді және сараптамалық саладағы тиісті біліміңізді және тәжірибеңізді растайтын құжаттарды upk_almobl@mail.ru мекен-жайына жіберуіңізді сұраймыз.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілетін медициналық мекемеге қатысты ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар болған жағдайда 8(7282)24-06-88, 8(7282)24-13-12 телефон нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.

11:23
150

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: