ИНВЕСТОРЛАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТАН ҚОРҒАУ АЯСЫНДА

ИНВЕСТОРЛАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТАН ҚОРҒАУ АЯСЫНДА

BigNews.kz |

Бизнес пен инвестицияларды қорғау жөніндегі жобаны жүзеге асыру аясында "Лунюань Жетісу" компаниясының басшылығымен кездесу өтті. Компанияның бас директоры Ян Гуанди мырза ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшылығына облыс инвесторларының заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалатынына сенім білдіре алатыны үшін алғысын айтты.

Кездесу барысында компания басшысы салынып жатқан зауыт туралы айтып, алдағы жоспарлармен және кейбір проблемалық мәселелермен бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша, біздің елімізде көлік тасымалдарын жүзеге асыру кезінде жұмыс істейтін шетелдік компаниялар жол патрульдік полициясының қызметкерлері тарапынан басқа елдің азаматтарына теріс пиғылды және әдепсіз мінез-құлық көрсету сияқты кедергілерге ұшырайды деп айтуға болады.

Бұл мәселе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына әкеп соғады және өндірістің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті ресурстардың уақтылы жеткізілуіне кедергі келтіруі мүмкін. Осыған байланысты Департамент алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу үшін бұл бағытта алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Дополнительное фото:
ИНВЕСТОРЛАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТАН ҚОРҒАУ АЯСЫНДА 0ИНВЕСТОРЛАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТАН ҚОРҒАУ АЯСЫНДА 1
19:20
56

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: