Алик Шпекбаев Эдуардо Араралмен кездесті

Алик Шпекбаев Эдуардо Араралмен кездесті

МҚІСЖҚА Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын орындау аясында мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру міндеттерін белсенді түрде жүзеге асыруда.

Бүгін Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Эдуардо Араралмен кездесті.

Күн тәртібінде қазіргі заманғы әлемдік тәжірибе және үрдістерге негізделген Қазақстандағы мемлекеттік қызмет саласындағы инновациялық шешімдерді енгізу мәселелері қаралды.

Алик Шпекбаев қонаққа мемлекеттік қызметке үміткерлерге екі кезеңдік конкурстық іріктеуден өтуге, «А» корпусының резервін жоюға, сондай-ақ, жаңа құрылым басшыларына арналған оқу бағдарламаларын енгізуге жоспарлау туралы жоспарларымен бөлісті.

Сарапшы мемлекеттік қызметте адам ресурстарын басқарудың стратегиялық жоспарын жүзеге асыру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

«Сингапурда 2 жоғары білімнің болуы құпталады. Егер бірінші кәсіби білім болса, екіншісі мемлекеттік басқару саласында. Ал Қытайды мысалға алсақ, онда мэрдің лауазымына тағайындау үшін PhD дәрежесі ескеріледі» - деді сарапшы.

Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Фатима Жақыпова осы мәселеде стратегиялық HR-тәсілдерді әзірлеудің өзектілігін атап өтті.

Эдуард Арарал Сингапурде мемлекеттік қызметке келу - бұл үлкен сенімділіктің белгісі екендігін атап өтті.

«Сыртқы жүйеден кіру мүмкін емес. Егер сізде кейбір салада тәжірибе қажет болса, онда сыртқы сарапшылар келісімшарт негізінде шақырылады. Сингапурда мемлекеттік қызметкер өзінің мансаптық өсуі туралы өзінің болашағы туралы біледі және оның біліктілігін үздіксіз жетілдіреді », - деді ол.

Сонымен қатар, тараптар тәжірибесі тікелей Қазақстанға пайдасы тиетін елдердің өкілдерін - мемлекеттік қызметке шетелдік сарапшыларды, сондай-ақ, батыстық білімі бар қазақстандықтардытартуға қатысты мәселелерді талқылады.

Эдуардо Арарал «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің басым бөлігі жеке секторға тартылғандығын да атап өтті.

Өз кезегінде, Алик Шпекбаев еліміздің ЭЫДҰ елдерінің жолымен жүретінін және мемлекеттік қызметкерлерді бәсекеге қабілетті жалақымен қамтамасыз ету ең кәсіби кадрларды тарту үшін жақсы негіз болатындығына назар аудартты.

Осы тұрғыда сарапшы сингапурлық жүйені мысалға келтіре отырып, жыл сайынғы бонустарды төлеу кезінде тиімділікті бағалау процесіне көп көңіл бөліп кетпей, қызметкерлердің нақты жұмысына назар аударуды ұсынды.

«Бұл қалай жұмыс істеуі керек? Мысалы, Туризм министрі бір жыл ішінде елге тартылатын туристтердің санымен бағалануы тиіс», - деді шетелдік қонақ.

Эдуардо Арарал квазимемлекеттік сектордан мамандарды мемлекеттік қызметке «көлденең ұтқырлық» қағидаты бойынша кәсіптік және мамандарды даярлау институтын дамытуды ұсынды.

Сондай-ақ, кездесу барысында мемлекеттік органдардың жүйесінде ұйымдастырушылық мәдениетті дамыту мәселелері қаралды.

Осындай кездесулерді ашық талқылау түрінде өткізу Сингапур мен Қытай секілді елдердің тәжірибесін зерттеуге ғана емес, сондай-ақ біздің жүйедегі өзгерістер туралы халықарасарапшылар қауымдастығын ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен оны одан әрі интернационалдандыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Анықтамалық ақпарат:

Эдуардо Арарал - Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің профессоры. Индинезия Университетінің (АҚШ) Элинор Остромның (Экономика саласындағы 2009 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты) жетекшілігімен мемлекеттік саясат саласында PhD дәрежесін алған. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының экономикалық даму жөніндегі және Вьетнам үкіметінің мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері бойынша кеңесшілері қызметтерін атқарған.

Эдуардо Арарал Агенттік төрағасының халықаралық консультанты.

МҚІСЖҚА Баспасөз қызметі

20:20
59

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: