ЖЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК СЕМИНАР ӨТКІЗЕДІ!

ЖЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК СЕМИНАР ӨТКІЗЕДІ!

BigNews.kz |

Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жер қатынастарына қатысты процедураларда артық бюрократизмді болдырмау мақсатында, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін Талдықорған қаласында жер мәселелері бойынша тегін семинар өтеді.

Дәріскер ретінде ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттгінің жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат – Бақытжан Базарбек қатысады.
Азаматтар, келесі мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес ала алады:
- жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру;
- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту;
- жерге орналастыру үдерісі, жер учаскелерін сегменттеу;
- игерілмеуіне және нысаналы пайдаланылмауына байланысты немесе мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін қайтарып алу;
- өз бетімен құрылыс;
- жер учаскелерін қате орналастыру, шекараларын белгілеу;
- су қорғау аймақтары мен белдеулері, қызыл жолақ, санитарлық-қорғау аймақтары;
- жер учаскелерін заңсыз басып алу, рейдерлік.

Осы мәселелерге қатысты сұрақтарыңыз болса, семинарға келіп қатысуға шақырамыз! Қосымша мәліметті 8 (7282) 241191, 241312 нөмірлері арқылы алуға болады.

Семинар өтетін күні мен орны: 2018 жылы 29 қазан, сағат 14:30-да, Талдықорған қаласы, Абай көшесі №256 (қалалық әкімдік ғимараты).

19:30
86

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: