Алматы облысында жолаушылар поездарында рейдтер жүргізілді

Алматы облысында жолаушылар поездарында рейдтер жүргізілді

BigNews.kz |


2018 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасында теміржол жолаушылар көлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісім шеңберінде теміржол жолаушыларын тасымалдаудың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету, халықтың теміржол жолаушылар көлігі қызметтеріне қолжетімділігін және «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін жұмыс істейтін «Адал Жол» жобалық кеңсесі құрылды.

Жоғарыда айтылған Келісімге сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен Алматы облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері, Арнайы мониторинг тобының мүшелері және ішкі істер органдарының қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы құрылды.

Ағымдағы жылдың қазан айының бірінші жартысындп жұмыс тобы жолаушылар пойыздарында тасымалдаушылармен «Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау» қағидаларын сақтауына қатысты рейдтер жүргізді.

Рейдтердің нәтижесінде 35 заң бұзушылық анықталды (10 вагонда ауаны тазартқыштар жоқ, 23 вагонда ауаны кондиционерлеу жүйесі автоматты және қашықтан жұмыс істемейді, вагон жолсерігінің қызметтік купесінде өзге жолаушылардың заттары анықталды, жолаушының қол жүгін белгіленген нормадан артық алып жүруіне жол беру), кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл фактілер жұртшылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға тартудың оң нәтижесін беретінін дәлелдейді.

Сонымен бірге, ұсыныстар мен ескертулерді «Адал жол» жобалық кеңсесіне жолдауға болатынын хабарлаймыз.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 6., CALL CENTER нөмірі: 8 702-447-74-02, электрондық пошта: Adalzhol.kz@gmail.com

15:39
84

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: