Жолдаудың басым бағыты - сыбайлас жемқорлықпен күрес

Жолдаудың басым бағыты - сыбайлас жемқорлықпен күрес

BigNews.kz |

Күні кеше Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаевтың қатысуымен өткен брифингте Елбасының қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басымдықтар туралы айтылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мен онымен күрес мәселесі де биылғы Жолдауда аталып өтті. Бұл ретте негізгі басымдық - көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға берілуі тиіс.

Серікбай Нұрғисаев өз баяндамасында «Жыл басынан бастап Алматы облысында 7,5 млн аса мемлекеттік қызмет көрсетілсе, олардың 65% электрондық форматта көрсетілді. Біздің алдымызда электрондық үкіметтің тиімділігін халық арасында белсенді насихаттау арқылы, атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі жандандыру міндеті тұр», - деді. Өйткені, Елбасы 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс деп айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Жолдауда қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажет деп ескертті. Жолдаудан шыққан міндеттерге қарасақ, әр басшы өздерінің кәсіби қызметінде ашықтық пен жариялылық саясатын ұстанып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойып, қызметшілеріне қатысты меритократия қағидатын ұстанып, ал кейбі қызметшілерге деген қолдаушылық немесе біржақты жағымсыз қатынастың орын алуына жол бермей, басқаратын мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша шаралар қабылдауы тиіс.

Ал біздің міндетіміз болып аталған тапсырмаларды жүзеге асыру тұр.

15:06
170

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: