Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру - мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға себеп

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру - мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға себеп

BigNews.kz |

Бүгін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында Алматы облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент басшысы С. Нұрғисаев қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүргізілііп жатқан жобалар, мемлекеттік қызметші әдебі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі және сыртқы талдау туралы айтып өтті. Аталған шаралардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырып, мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, халықтың сенімін нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Д. Тұрғанбаев қатысып, басқарып отырған мекеменің жұмыс барысы туралы айтып өтті.

Кездесу барысында қатысушылардан бірқатар ұсыныстар енгізілді. Бірігіп атқарған жұмыс нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы жаңа заманауи құралдарды анықтап, қоғам болып осы ғасыр індетінің деңгейін төмендетуге айтарлықтай үлес қосатыны анық.

19:44
49

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: