АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

BigNews.kz |

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Алматы облысының денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында денсаулық сақтау саласында оңтайландыру жұмыстарын жүргізу мәселелері, оның тиімділігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы орасан рөлі төңірегінде бірқатар сұрақтар көтерілді.

Бүгінгі күні бұл мәселелер Агенттік пен Денсаулық сақтау министрлігі арасында талқыланып, екіжақты меморандум бекітілген болатын. Меморандум сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру, сонымен қатар денсаулық сақтау саласында оңтайландыру жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Осы орайда, Департамент басшысы Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев денсаулық сақтау саласын оңтайландыру арқылы қызметкерлердің жалақысын көтеру, қағаз жүзіндегі құжат алмасуды қысқартып, қызметкерлер жұмысының сапасын жақсарту, осы саланың байқау кеңестеріне үкіметтік емес ұйымдары мен облыстық «Арнайы мониторинг тобы» мүшелерін қосу туралы атап өтті. Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген мәселелерді жүзеге асыру мақсатында Жол картасын әзірлеп, облыстық жұмыс тобын құруды ұсынды.

Жиынға қатысушылар көтерілген мәселелерді талқылауда белсенділік танытып, бірлесе жұмыс жасауды қолдады.

20:04
63

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: