КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНДА КЕЛЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНДА КЕЛЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

BigNews.kz |

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері, Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин мен Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Тюлебаев Алматы облысына іссапары барысында Кербұлақ ауданында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Кездесуге Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев, аудандық мәслиxат хатшысы, аудан әкімінің аппараты, ауылдық округтер әкімдері мен мамандары, мемлекеттік қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шара барысында сөз алған Равиль Тюлебаев қоғам тарапынан айрықша сенім мен кәсіби біліктілікті талап ететін, жауапкершілігі мол мемлекеттік қызмет саласындағы қызметкерлердің білімі, кәсіби даярлығы, әдептілігі туралы айтты.

Ал өз кезегінде Арман Бердалин сыбайлас жемқорлықтың қоғамға кері әсерін, оны жою мен болдырмаудағы тәрбие мен тектілік туралы сөз қозғады.

Жиналғандарға арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетіп, халықтың қазынасына қол сұққандардың қатаң сыналып, жазаға тартылатынын айтты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

21:30
65

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: