ШАЛЫНЫП ҚАЛМА, мемлекеттік қызметші!

ШАЛЫНЫП ҚАЛМА, мемлекеттік қызметші!

BigNews.kz |

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде «Шалынып қалма!» жобасы аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті және Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті бірлесіп Талдықорған қаласының СИ-16 тергеу изоляторына кезекті экскурсия жүргізді.

Бұл жоба Алматы облысында ғана өткізілуде және республикада аналогы жоқ. Экскурсия мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру және сананы өзгерту мақсатында өткізілуде.

Жалпы елімізде идеологиялық және нормативтік-құқықтық жағынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты заманауи түрде жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған. Сыбайлас жемқорлық қатаң жазаға алып келетін құқықбұзушылық екенін ұмытпауымыз керек.

Мемлекеттік кірістер саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында осы жолғы экскурсияға Талдықорған қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Сонымен қатар, экскурсия соңында тергеу изоляторы жеке құрамының қатысуымен осы мекеменің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында «Шалынып қалма!» жобасының мақсаты түсіндіріліп, қатысушылар экскурсиядан алған әсерлерімен бөлісті.

Видео:
Дополнительное фото:
ШАЛЫНЫП ҚАЛМА, мемлекеттік қызметші! 0
12:14
99

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: