LANG_USER_MENU_CLEAR

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: ӘДЕПТІЛІК ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: ӘДЕПТІЛІК ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ

BigNews.kz 1 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Л.М.Бейсеқұлова төрағалығымен Көксу ауданында мемлекеттік қызметкерлердің әдептілік деңгейін көтеру бойынша жиналыс өткен болатын.


Жиынға, «Көксу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы Ж.Ж.Бейсенбай, ауданның ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары және мамандары қатысты.

Өз кезегінде Л.М. Бейсеқұлова қысқаша танымдық мәлімет беріп өтті:
Әр мемлекеттік қызметкер ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде бекітілген әдеп қағидаларын ұстануға міндетті.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірбиесін жүзеге асыратын қызметіне жұмсауы қажет екендігі туралы.

Елбасымыздың 100 нақты қадам –Ұлт жоспарында басты назар – кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған. Сол себепті мемлекеттік қызметке қызығушылықты арттыру үшін бір қатар реформалар іске асырылуда.

Олардың бірі 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік органдарда жалақы мөлшерін көтеру. Мемлекеттік қызметшілерге арналған медициналық орталықтардың ашылуы. Қызметшілердің корпаративті тұрғын үймен қамтамасыз етілуі жайлы сөзге тиек етілді.

Сонымен қатар, Департаменпен -сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеп, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың қабылданып жатқандығын атап өтті.

Жиын соңында, Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен «Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» - тақырыбында түсірілген бейне-ролигі көрсетілді.

Сонда-ақ, жиын аяқталысымен бірнеше азаматтар Л. Бейсеқұлованың жеке қабылдауына кіріп, көкейдегі сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алып қайтты.

Жалпы, Көксу ауданында өткізілген іс-шара нәтижелі болып, алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейінің өсуіне ықпалын тигізетін болады деген сенімдеміз.
Дополнительное фото:
12:58
312
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!