LANG_USER_MENU_CLEAR

«ЖАҺАНДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ОЙЛАП – ЖЕРГІЛІКТІ ДЕҢГЕЙДЕ ӨНДІРУ» ҚАҒИДАТЫ

«ЖАҺАНДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ОЙЛАП – ЖЕРГІЛІКТІ ДЕҢГЕЙДЕ ӨНДІРУ» ҚАҒИДАТЫ

BigNews.kz |

«Бизнес және инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау» жобасы көптеген компанияларға инвестициялық жобаларын іске асыра отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Осы жоба аясында Департамент қызметкерлері жұмыс сапарымен Талғар ауданының өндірістік нысандарына барды.

Бірінші болып алюминий профилдерін шығаратын «Алюгал» зауытының басшылығымен кездесті. Бұл компания 1994 жылдан бері өз секторларында бірінші болып өндіріс ашқан, Қазақстандағы шетелдік инвесторлардың ішінде пионерлердің біріне айналған «Galaxy Group» компанияларының тобына кіреді. Бірақ, қазіргі кезде инвестициялық жобаларын іске асыру кезінде бірқатар мәселелерге тап болды.

Сонымен, өнідірстік қуаттылығын арттыру мақсатында 2014 жылы Alugal компаниясы Іле ауданындағы «Береке» өндірістік аймағынан жаңа өнідірістік орын алды. Қазіргі таңда алаңы 10 000 шаршы метр болатын ғимарат салынды және зауытты Талғар ауданынан осы жаңа өндірістік аймаққа ауыстыруды жоспарлауда. Бұл кезеңде өндірістік аймаққа инфрақұрылым (электр энергиясын) тарту күтілуде, бірақ, бұл мәселені шешуде аудан әкімдігі көмек көрсетпей отыр. Осымен ауданның өндірістік әлеуетін дамытуға кері әсерін тигізіп, бизнестің мемлекеттік органдарға деген сенімін бұзады.

Одан басқа, аталған компания өзінің қызметін іске асыру кезінде экспортқа шығаратын өнімді сертификаттаудан өткізу қажеттілігімен мерзімді түрде кездеседі. Осылайша, компания уақытын жоғалтып, әрдайым бірдей өнімдерді сертификаттаудың барлық қажетті сатыларынан өтеді. Бүгінгі таңда Galaxy Group жергілікті өндірістің дамуында, Қазақстанда пластикалық және алюминий саласын дамытуда маңызды рөл атқарғанын атап өту керек.

Қазіргі уақытта Қазақстанға 50 миллион доллардан астам инвестиция жұмсалды, шамамен 1000 жұмыс орны ұсынылды және компания қызметкерлерінің 97 пайызы қазақстандық азаматтар. Жанама түрде жұмыспен қамтитын дилерлер мен клиенттердің жұмыс орындарын қосқанда, жалпы саны шамамен 5000 (бес мыңды) құрайды. Компанияның Астана, Қарағанды, Өскемен, Петропавл, Ақтау, Шымкент қалаларында филиалдары, өкілдіктері және қоймалары бар және өнімдерін Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан сияқты шет елдерге экспорттайды.

Басқарма төрағасы Қазақстандық бизнес қауымдастығын ерікті сауда елшісі ретінде ұсынады, Galaxy Group компаниясының орталық кеңсесі Нидерландыда орналасқан.

12:02
472
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: