LANG_USER_MENU_CLEAR

Мәжіліс депутатымен кездесу

Мәжіліс депутатымен кездесу

BigNews.kz |Ақмола облысына іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.

Кездесу «Нұр Отан» партиясының коворкинг орталығында өтті.

Кездесу барысында халық қалаулысы Елбасының «Бес әлеуметтік жобасы», партияның жаңа жобалары мен Саяси Кеңесте белгіленген тапсырмалардың орындалу барысымен таныстырды

Мәжіліс депутаты Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» мен Жолдаудың басым бағыттарына жеке-жеке тоқталып, атқарылған жұмыстарды баяндады.

Сонымен қатар, кездесуде «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Департамент қызметшілерінің мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне қатысты қойған сұрақтарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес түсініктемелер берілді.

Источник:
Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Акмолинской области
14:55
187
Сейтмаганбетова Жазира

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: