Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

BigNews.kz |2018 жылғы 16 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Іс-шара барысында «Бұланды ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ-сінде өткізілген ішінара тексеріс және Е.А. Рамазановтың өтінішін қарастыру нәтижелері қарастырылды, аталған сұрақтар бойынша Департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Әділбек Қайырболатұлы Мұхамеджанов және шақырылғандар Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Ораз Қайыркенұлы Смағұлов, Біржан сал ауданының Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі ММ-нің басшысы Аян Жақсылықұлы Нұрмұқанов тындалды.

Бұдан басқа, Бурабай және Біржан сал аудандары мекемелерін тексерудің нәтижелері туралы мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Әділбек Қайырболатұлы Мұхамеджанов баяндама оқыды.

Отырыс барысында жұмыс тобының мүшелерімен және шақырылған қонақтармен жер және тұрғын үй қатынастары салаларының, мемлекеттік қызметтерді алушыларға тиісті жағдайлар жасау бойынша өзекті мәселері аталып олардың оңтайлы шешілу жолдары ұсынылды.

Іс-шара қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.

18:52
35

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: