Ақмола облысында «Сөйлейтін қол» жобасы іске қосылды

Ақмола облысында «Сөйлейтін қол» жобасы іске қосылды

BigNews.kz |Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарлану, есту және сөйлеу қабілеті шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға бағытталған «Сөйлейтін қол» жобасы іске қосылды.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары енгізілген қызмет берушілер пулы құрылды. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының қолдауыменпул мүшелеріне «Коммуникацияның альтернативтік (ым) жүйелері» тақырыбына мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинары ұйымдастырылды.

Сабақтар белсенді нысанда өткізілді, атап айтса, пікірсайыстар, диалог алаңдары, тренингтер мен топтық жаттығулар. Жұмысқа ым тілі, психология, дефектология және басқа сала мамандары қатыстырылды.

Семинар аяқталған соң «сase study», яғни ахуалдық мәселені шешу арқылы меңгерілген білім деңгейін тексеру өткізілді, бұл жерде тыңдаушылар шартты «қызмет алушы» рөлін атқарған есту қабілетінен мүгедек Г.С. Бойкошкаровамен ым арқылы қарым-қатынас жүргізу дағдыларын жақсы көрсете алды.

Өткізілген семинардың басты шарттарының бірі жұмыс орындарында практикалық дағдыларды міндетті қолдану, ашық болуға даярлық болып табылады. Осыған байланысты «ым тілін» білу деңгейін «құпия қызмет алушы» әдісімен бағалау өткізу жоспарланып отыр, бұл меңгерілген білімді қолдану нәтижесін қарауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалымен аталған тақырыптағы сабақтарды аймақтың барлық мемлекеттік қызметшілерінің қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына енгізу жоспарланып отыр.

17:53
172

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: