LANG_USER_MENU_CLEAR

«АЛТЫН САПА»-2018: ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!

«АЛТЫН САПА»-2018: ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!

BigNews.kz | «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталатыны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес конкурстар жыл сайын өткiзіледі.

Конкурстарға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды.

Конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар Өңірлік кәсіпкерлер палатасына немесе www.altynsapa.kz сайтында электронды нұсқада Конкурстарға қатысушылардың материалдарын рәсiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiне сәйкес өтінім мен материалдарды (есептерді) тапсыруы тиіс.

Конкурстар бойынша толық ақпаратпен www.altynsapa.kz сайтында танысуға болады.

Телефон бойынша кеңес: 8 (7282) 401-027, 8707 386 99 73, 8 701 770 80 02.

Электронды пошта: [email protected]

16:52
79
Диас Бейсенбек

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!