LANG_USER_MENU_CLEAR

Білім беру жүйесінде заңсыз ақша жинауға жол жоқ!

Білім беру жүйесінде заңсыз ақша жинауға жол жоқ!

BigNews.kz |

2017 жылғы 08 қараша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Садықов Асқар Жұмаханұлы, Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Омарова Майгүл Тілеутайқызының қатысуымен «Білім беру жүйесінде заңсыз ақша жинауға жол жоқ!» тақырыбындағы БАҚ үшін баспасөз мәслихаты өтті.

Қоғамда өзекті мәселелердің бірі - білім беру мекемелерінде заңсыз ақша жинау. Аталған мәселелерді шешу үшін Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» бекітілді. Қағидалар білім беру мекемелерінің міндетті қаржылық есептілігі, бюджет қаражатын мақсаттан тыс пайдалануды және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен Алматы облысының білім басқармасы тарапынан ата-аналарға арналған мектептерге және балабақшаларға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттар туралы ақпаратты қамтитын жадынамалар әзірленіп, қазіргі кезде облыс бойынша таратылуда.

Сонымен қатар, білім басқармасымен бірлесіп жалпы мектепшілік жиналыстар аясында аудан, қалаларда ата – аналарға аталған ақпаратты түсіндіру бойынша жұмыстары арнайы кестеге сәйкес басталды.

12:26
1109
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: