LANG_USER_MENU_CLEAR

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ОҚЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ОҚЫТУ
2017 жылғы 18 қазан күні Талдықорған қаласындағы «Журналистер үйінде» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Иманғалиева Жадыра Амангелдіқызы мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Шакишев Қазбек Данағұлұлының қатысуымен

«Мемлекеттік қызметшілерді оқыту» тақырыбындағы баспасөз мәслихаты өтті.

«100 нақты қадам – Ұлт жоспарында» 9 қадамында «Мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту - үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру» деп көрсетілген. Ережеге сәйкес орта есеппен алғанда мемлекеттік мекемелердің қызметшілерінің 30% пайызы оқуға жіберілуі тиіс (әр мемлекеттік қызметші үш жыл сайын кәсіби шеберлігін арттыруы тиіс).

Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің штат саны - 8036. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны - 4301, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік қызметшілердің штат саны- 3735.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау (қайта мамандану) – «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кіруіне немесе «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалуына байланысты қосымша кәсіби білім алу үшін Академиядағы және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың өңірлік орталықтарындағыоқыту курстары.

Қайта даярлауды табысты аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге қайта даярлауды аяқтағанын растайтын құжат беріледі.

Қайта даярлау курстарына: 1) «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген; 2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру – олардың кәсіби, басқарушылық және жеке құзыретін жетілдіру үшін атқаратын лауазымдарының санаттарына байланысты білім беру ұйымдарындағы, оның ішінде шетелдік ұйымдардағы оқыту семинарлары.

Біліктілігін арттыруды табысты аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге біліктілігін арттыруды аяқтағанын растайтын құжат беріледі.

2017 жылы біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының 1632 мемлекеттік қызметшілері өтуі тиіс. Аталған мемлекеттік қызметшілерді оқыту курстарынан өткізу үшін жергілікті бюджеттен 57 787 706 теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қазіргі уақытқа дейін (13.10.2017ж.) 1269 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыруданжәне 182 мемлекеттік қызметші қайта даярлаудан, барлығы 1451 мемлекеттік қызметші қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтті, яғни88,9 % пайызды құрайды.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерді оқыту Алматы қаласындағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында өткізілуде. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесінің сапалы қалыптасуымен тікелей байланысты және оны кадрмен қамтамасыздандыру бөлігі болып табылады.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіменосы шаралардың орындалуын үйлестіру бойынша бүгінгі таңда нақты жұмыстар жүргізілуде.

Атап өтсек, Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалы ашылды.

Филиалдың ашылуы біздің облыс үшін көптеген артықшылық береді. Алматы облысының мемлекеттік мекемелеріндегі мемлекеттік қызметшілерге төленетін іссапар шығындарын үнемдеу мүмкіндігі туады және мемлекеттік қызметшілердің қатынауы жеңілдейтін болады, сонымен қатар, өңірде оқытушылар құрамы мен техникалық персоналдарға жаңа жұмыс орындары ашылады.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды жетілдіру жұмыстары Департаментпен тұрақты түрде жүргізілуде және үнемі бақылауда.

Брифингке БАҚ өкілдері қатысты.

10:31
1737
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: