LANG_USER_MENU_CLEAR

Жолда сыбайлас жемқорлық болмауы тиіс!

Жолда сыбайлас жемқорлық болмауы тиіс!

BigNews.kz |

2017 жылғы 31 тамызда «Азаматтық бақылау» жобасы аясында Алматы облыстық жергілікті полиция қызметі жеке құрамымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша «Жол патрульдік полиция қызметкерлері мен азаматтар арасындағы тікелей қатынас проблемалары мен оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Рысбеков Ринат қатысып, бүгінгі қоғамдағы азаматтар мен аталған орган қызметкерлері арасындағы туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, олардың алдын алу және болдырмау турасында баяндама жасады.

Өз кезегінде сөз алған Алматы облыстық Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, полиция полковнигі Сабуров Шыңғыс қызмет барысындағы профилактикалық шаралар туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда Департамент пен Жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, «Жолдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы 10 қадам» жобасы аясында бірлескен рейдтер жүргізуде.

Источник:
http://alm.kyzmet.gov.kz/
20:46
62
Сымбат Исрапулова

Comments

No comments yet. Yours will be first!
Новости Партнеров: