ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ 6264 ҚАТЫСУШЫҒА САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ  6264 ҚАТЫСУШЫҒА САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Алматы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, білім беру басқармасымен бірлесіп, Талдықорған қаласындағы облыстық жаңа ақпараттық технологиялар орталығы базасында интерактивті жүйе арқылы облыстың 173 мектеп басшылығы, 19 аудан, қалалар білім бөлімдері, сауықтыру лагерьлердің басшылығы, аудандық, қалалар денсаулық сақтау ұйымдарының қатысуымен кеңейтілген семинар-кеңес өткізілді.

Онлайн режимде 6264 қатысушыға санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндірілді. Шара барысындабалалардың жазғы сауықтыру демалысы кезіндеөзара әрекеттесу бойынша өзекті мәселелер, жаппай тағамнан улану мен жіті ішек ауруларының, кене энцефалитінің алдын алу шаралары туралы айтылды. Сонымен қатар,жаңа 2017/2018 оқу жылына қажетті және уақтылы шараларды өткізу, Астанадағы ЭКСПО көрмесіне жолданатын ұйымдасқан балалар топтарын қауіпсіз жеткізу, медициналық бақылау туралы хабарландырылу таратылды.

18:05
328

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: