«Сәтті қадам» - өмірдегі сәтті сапар

«Сәтті қадам» - өмірдегі сәтті сапар

Алматы облыстың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті баспасөз конференция барысында «Сәтті қадам» жобасының жүзеге асырылуы талқыланды.

Жетісу өңірінде «Сәтті қадам» жобасы аясында жастар тұрақты жұмысқа орналасып, бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігіне ие болады. Жобаны жүзеге асыру үшін 2017 жылдың І жарты жылдығы бойынша33 мемлекеттік мекеме, 2 ірі кәсіпорындармен,35 - әр түрлі мекемелермен өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумға қол қойылып, бүгінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Қазіргі таңда «Жас Отан» Жастар қанатының жас мамандарға еліміздің ірі өндірістік мекемелерінде, ұлттық компанияларда және мемлекеттік органдарында жүйелі түрде тағылымдамадан өтулерін ұйымдастырып отыру үшін «Сәтті қадам» жобасын жүзеге асырып жатқандығы белгілі. Ол үшін жыл сайын белгілі шамада квота бөлуге аталмыш мекемелермен екіжақты немесе үш жақты меморандумдарға қол қойылуда», - деді "Жас Отан" Жастар қанатының Алматы облыстық филиалы төрағасыБақтияр Жаксыкелдинов.

Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Жас Отан» Жастар қанатының мұрындық болуымен қолға алынған тың жоба бүгінде жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, жұмысқа тұруға, өз қызметтік сатысын Қазақстанның белгілі ұйымдардан бастауына ықпал етуде. Аталған жоба аясында облыс көлемінде жетім жастарды жұмысқа орналастыру, тәжірибеден өткізу жұмыстары жыл соңына дейін жалғасын табады.

18:00
338

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: