СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА

Қарасай ауданында 2017 жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев бастаған облыстық және аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтарының жұмыстары ұйымдастырылды.

Алғашқы кездесу Үшқоңыр ауылынан басталды. «Адал Ұрпақ» клубы мүшелерінің қатысуымен Үшқоңыр ауылының шекарасынан бастап Қарасай батыр мектебіне дейін марафон өтті.

Келесі кезекте С.Нұрғисаевтың қатысуымен Қарасай батыр орта мектебінде ерікті мектеп клубтарының аудандық слеті ашылды.

Департамент басшысы өз сөзінде, жастардың – қоғамның қозғаушы күші, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел болашағы екендігін айтып өтті. «Мектеп қабырғасынан бастап жастардың адалдық пен әділдікті бойына тұмар етіп, сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін тұлға ретінде қалыптастыру - аға буынның басты міндеті», - деді Серікбай Нұрғисаев.

Слетта ерікті мектеп клубтарының мүшелері ант беру рәсімін өткізді. Ары қарай слет 5 деңгейге бөлініп, танымдық-сайыстық бағытта жалғасты.

Жастар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы таным-түсініктерін, ой-толғамдарын ортаға салды.

Қарасай ауданындағы мобильді топтың кезекті кездесулері Елтай ауылдық округіндегі «EFES» және «Алматинский Продукт» ЖШС-ның жұмысшыларымен өтті.

Жұмысшылармен кездесу барысында Департамент басшысы С.Нұрғисаев еліміздің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы басым саяси ұстанымдары мен бүгінгі таңда атқарылып отырған жұмыстарға тоқталып өтті.

Кездесулер барысында, мобильді топтың басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, тұрғындар арасында құқықтық білімді нығайту, әрі көшпелі қоғамдық қабылдау ретінде жұмыс жүргізетіндігі туралы да айтылды.

14:34
464

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: