СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА

Еңбекшіқазақ ауданындағы іссапар Шелек ауылдық округі әкімі аппаратындағы кездесуден басталды. Сондай-ақ, бұл кездесуге аппарат қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мемлекеттік кірістер басқармасы мамандары қатысты.

Осы жұмыс кездесуінен кейін мобильді топ аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының Шелек аймақтық филиалында, Шелек ауылындағы аудандық аурухана ұжымымен өтті.

Сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ аудандық филиалында жеке құрам мен қызмет алушылармен кездесу өтті.

Аудандық мобильді топпен бірлесіп, келесі кездесу Шелек политехникалық колледжінде өтті. Кездесуге студенттер, жергілікті «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері қатысты.

Келесі күні қабылдау Есік қаласындағы аудандық халыққа қызметке көрсету орталығында өткізілді. Қабылдауға қатысқан мемлекеттік қызмет алушылармен қатар, мекеме қызметкерлері де қатысты.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Еңбекшіқазақ ауданындағы сапары барысында аудандық xалыққа қызмет көрсету орталығында мекеме қызметкерлері мен кезек күтіп отырған мемлекеттік қызмет алушы тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмысын өткізді.

Мобильді топтың келесі шарасы аудандық орталық ауруханада өтті. Мобильді топтың құрамымен арнайы келген Департамент басшысының орынбасары Данияр Сабирбаев Есік қаласының жастарымен кездесті.

Соңғы кездесу Түрген ауылындағы "Голд Продукт" ЖШС-нің ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың кездесуі тұрмыста кездесетін жемқорлық көріністерін талқылаудан басталып еліміздегі ұстанған саясаттың басым бағыттарын түсіндірумен аяқталды.

14:34
261

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: