Талдықорғанда «Білім. Бизнес. Кәсіп» халықаралық форумы өтті - В Талдыкоргане прошел форум «Білім. Б

Талдықорғанда «Білім. Бизнес. Кәсіп» халықаралық форумы өтті - В Талдыкоргане прошел форум «Білім. Б
Шара дуальді оқытуды енгізудің мәселелеріне, мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері және кәсіпкерлер үшін диалог алаңын қалыптастыруға, әлеуметтік әріптестік арқылы адами капиталды дамыту мәселесіне арналды.
Сондықтан, бірінші рет білім беру саласының сарапшылары мен әр саланың кәсіпкерлері бір дөңгелек үстел басында көп жылдан бері қордаланып қалған мәселелерді талқылау үшін жиналды. Кәсіптік-техникалық колледждер мен І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың базасында панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Талдықорған сервис және технологиялар колледжінде сарапшылар сән индустриясы мен шаштараз өнері, тамақтандыру, тігін салаларының мамандарын дайындаудың өзекті сауалдарын талқылады. Өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде бизнесмендер, шеберлер мен оқытушылар дәнекерлеу өндірісі және газдандыру жүйесінің құралдарын пайдалану бағытындағы мамандарды дайындаудың мәселелерін көтерді. Құрылыс пен ауыл шаруашылығы салаларының сауалдары Талдықорған политехникалық колледжінде қызу талқыға түсті. Агротехникалық колледжде шаруа қожалықтарының басшылары, ветеринарлар мен ұстаздар ветеринария, сүт өндірісіндегі кадр тапшылығының қиындықтары мен шешу жолдары көтерілді. Жиһаз саласына қатысты панельдік сессия Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде өткізілді. Ал ЖМУ-да туризм мен мектепке дейінгі білім беру саласының мамандарын дайындаудағы мәселелер айтылды.
Сарапшылар, кәсіпорындар мен компаниялар басшылары оқу орындарымен байланыс деңгейінің, білім беру сапасының көңіл көншітпейтінін айтты. Сонымен бірге, бизнес өкілдерін белсенді әріптестік жүргізуге, жергілікті мамандарды жұмыспен қамтуда қолдау көрсетуге шақырды. Сессиялардың қорытындысы бойынша мемлекеттік тапсырысты әзірлеу мен бөлу жүйесін өзгерту жөнінде ұсыныстар беріліп, кадр тапшылығын болжаудың нарықтық механизмін енгізу қажеттілігі айтылды. Белсенді түрде кәсіби бағдар жүргізу, экскурсиялар мен шеберлік сағаттарын өткізу, заңнамаға дуальді оқытуға қатысатын кәсіпорындарға салық саласында жеңілдіктер беру жөнінде қарар қабылданды.
Ары қарай қызу талқылау облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен жалпы пленарлық отырыста жалғасты. Өңір басшысы форумның нәтижесі мемлекет пен бизнес жобаларын іске асыруға, экономика мен әлеуметтік секторды дамытуда орны бөлек екенін айтты.
«Жаңа индустриалдық революция жұмысшы мамандардың кәсіби біліктілігі жаңа деңгейде болу керектігін көрсетті. Себебі, жұмысшылар алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтарда, заманауи өндірісте жұмыс істей алуы қажет», - деді А.Баталов.
Форумда «Атамекен» ҰКП мен Білім және ғылым министрлігінің сарапшылары дуальді оқыту жүйесі арқылы мамандарды кәсіби дайындаудың жаңа модельдері қалыптастыруы жөнінде айтты. ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті басшысының орынбасары Ләззат Шонаева дуальді оқытуды енгізу саласындағы жұмыс барысымен таныстырды.
«Бүгінгі таңда біз бизнес өкілдеріне, дуальді оқытудың қатысушыларына салық бойынша және басқа да салаларда жеңілдіктер берілуі қажет. Әрине, бұл ұсыныс әлі қарастырылып жатыр, алайда басқа да мүмкіндіктерді көруіміз керек. Оқыту мен тәжірибе екі тарап үшін де тиімді боулы шарт. Егер үш жыл бұрын оқытудың дуальді түріне қатысқан кәсіпорындар саны 600 болса, қазір олардың саны 3 мыңнан асты», - деді Шонаева.
Сонымен бірге, сарапшы Алматы облысының бұл бағытта алдыңғы қатарлы өңір екенін атап өтті. Мәселен, облыста «Байсерке Агро» ЖШС республикада бірінші болып Талғар агробизнес және менеджмент колледжін сенімді басқаруға алды.
Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы өкілдігінің басшысы Райнер Гертц аймақ басшысына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын дамытуда Германия үлгісіне назар аударуға шақырды.
«Біздің елде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үш бөлімге қарайды. Бұл экономика, еңбекпен қамту және білім бөлімі. Өңірге осындай тәжірибені енгізу оң өзгерістер әкелуі мүмкін. Бұл үш бөлім бірлесе, өзара конструктивті диалог орнату арқылы жұмыс істеуі қажет. Байқағанымыздай, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын дамытуға ерекше көңіл бөлген аймақтарда экономика мен әлеуметтік сектор дамыған және қолайлы болып келеді», - деп қорытты Гертц.
Трир қаласы қолөнер палатасының үйлестірушісі Альберт Овер Қазақстандағы дуальды оқытудың жаңалау жолдарымен таныстырды. Ал Қазақстан туристік ассоциациясының директоры Рашида Шәйкенова туриндустриядағы маман дайындаудың кейбір мәселелеріне тоқталды.
«Еуропалық ЖОО-ларда оқу уақытының 60%-ында тәжірибе жүргізіледі және бұл әдіс бұрыннан бері енгізілген. Ал біз осы үлгіге көша алмай отырмыз. Меніңше, кейбір пәндерді оқытпай-ақ, тәжірибе өтуді енгізу керек. Турбизнесті болашақ мамандығы таңдаған адам үшін тек тәжірибе арқылы телефонға қалай жауап беру, клиентке қалай қызмет көрсету мен күлу керектігін үйретеді», - деп атап өтті Шәйкенова.
Айтуынша, осы жылдың басында бекітілген қонақжайлық саласындағы кәсіби стандарттар білім беру стандарттарын әзірлеуде негізге алынуы тиіс.
Қырғызстан сарапшысы, Орталық Азия университеті Үздіксіз білім беру мектебінің директоры Гүлнара Джунушалиева құрылыс саласындағы мәселелер мен сала болашағы жөнінде сөз тарқатты. «КазРосАгро» ЖШС басшысы Амангелді Мүслім кәсіпорынның оқу орнымен байланыс жүргізу тәжірибесімен бөлісті. Кәсіпорын 2014 жылдың қыркүйегінен бастап Дуальді оқытуды енгізудің республикалық жол картасына еніп, Шонжы политехникалық колледжінің «Фермерлік шаруашылығы» мамандығы, «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі» біліктілігі бойынша әлеуметтік әріптесі атанды. Кәсіпкердің ұсынысы ескеріліп, оқу жоспарына 40/60 қатынасы бойынша өзгерістер енгізілді.
«Дуальді оқытуда әріптес атану үшін үлкен өндірістердің болуы маңызды емес. Мысалы, маған тәжірибеге 5 студент те жеткілікті. Бірақ, олардың тиісті біліктілік алатынына кепіл бере аламын. Меніңше, студенттерді ынталандыру үшін оларға шәкіртақы төлеп отыру қажет. Қазір мен әр студентке 20 мыңнан төлеймін», - деді А.Мүслім.
Дуальді оқытуды енгізудің республикалық жол картасына 27 колледж енгізілген. 1488 студент қамтылып, 140-тан астам кәсіпорынмен бірлесе 8 сала, 17 мамандық пен 20 біліктілік бойынша мамандар оқытылуда.
Сонымен бірге, форумда жылдар бойы табысты әлеуметтік әріптестікті танытып отырған бірқатар компаниялар аталды. Мысалы, облыс әкімінің алғыс хатымен «ТК-Метакон» ЖШС, «Лактис ЛТД» ЖШС мен «Байсерке Агро» ЖШС марапатталды.
«Диалог алаңында бизнес пен колледждер еңбек нарығындағы өзекті сауалдарды талқылау мүмкіндігіне ие болды. Қазір білім ұйымдары өз бағыттары мен көзқарастары бойынша маман дайындап жатыр, ал кәсіпорындарға заман талабына сай жұмысшы қажет. Кез келген жас маман нарықта сұранысқа ие болуы тиіс. Сондықтан мамандарды нарықтың талабы, жаңа заманауи стандарттар бойынша дайындау керек. Бүгінгі таңда колледждер жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталмаған, студенттер ескі техникамен жұмыс істеуге мәжбүр. Облысқа фармацевтика, ауыл шаруашылығы және туризм саласындағы мамандар тапшы. Білікті маман дайындаумен тек білім ұйымдары ғана айналыспай, бұл іске жұмыс берушілер де ат салысуы керек. Осы тұрғыда біз бизнес ортаны дуальді оқытуға белсенді қатысуы үшін ынталандыру шараларын енгізіп отыруымыз аса маңызды», - деді облыстық палата басшысы Ләззат Шыңғысбаева.
Форум соңында жалпы қарар қабылданып, әкімдік пен Палатаның дуальді оқыту жүйесін дамытуға арналған бірлескен жұмыс міндеттері анықталды.

Форум был посвящен вопросам внедрения дуального обучения, формирования диалоговой площадки для представителей государственных органов, учебных заведений и бизнеса, развития человеческого капитала через социальное партнерство бизнеса. Поэтому, впервые эксперты сферы образования и бизнесмены из разных отраслей встретились за одним круглым столом для обсуждения насущных вопросов, накопившихся за столь длительное время. На базе профессионально-технических колледжей и ЖГУ имени И.Жансугурова были организованы панельные сессии для обсуждения проблем и перспектив сферы подготовки кадров. Так, в Талдыкорганском колледже сервиса и технологий эксперты обсудили актуальные вопросы подготовки кадров индустрии красоты и парикмахерского искусства, сферы питания и швейной отрасли. В Колледже промышленной индустрии и новых технологий бизнесмены, мастера и преподаватели подняли вопросы кадров для сварочного производства и эксплуатации оборудования систем газоснабжения. Проблемы подготовки специалистов для строительной отрасли, рабочих по специальности «Механизация сельского хозяйства» обсуждены в стенах Талдыкорганского политехнического колледжа. В Талдыкорганском агро-техническом колледже фермеры, ветеринары и преподаватели обсудили проблемы и перспективы подготовки кадров для ветеринарии и сферы молочного производства. Панельная сессия по актуальным проблемам подготовки кадров для мебельной отрасли была организована на базе Талдыкорганского гуманитарно-технического колледжа. В Жетысуском государственном университете участники озадачились вопросами туризма и дошкольного образования.
Эксперты, руководители предприятий и компании отметили, что уровень взаимодействия с учебными заведениями, качество образования в колледжах оставляет желать лучшего. Кроме того, представителей бизнеса, также призвали активному сотрудничеству и оказанию поддержки местным кадрам в трудоустройстве. По итогам сессии были даны предложения и рекомендации по изменению системы распределения государственного заказа. Принята общая резолюция по активизации профориентационной работы, организации экскурсии и мастер-классов.
Далее обсуждения продолжились на общем пленарном заседании с участием акима области Амандыка Баталова. Глава региона отметил, что результаты Форума будут иметь большое значение для реализации проектов государства и бизнеса, развития экономики и социального сектора.
«Новая индустриальная революция выдвигает совершенно иные подходы к квалификационным требованиям работников, которые должны быть готовы к тому, чтобы постоянно обладевать навыками работы на самом передовом оборудовании и современном производстве», - сказал А.Баталов.
На форуме выступили эксперты НПП «Атамекен» и Министерства образования и науки о формировании новой модели профессиональной подготовки кадров через внедрение дуальной формы обучения. Заместитель директора департамента развития человеческого капитала НПП Ляззат Шонаева рассказала о ходе работы по внедрению дуального обучения.
«Сегодня мы должны стимулировать представителей бизнеса, участников дуального обучения предоставляя им налоговые и другие преференции. Конечно, данный вопрос еще рассматривается, но необходимо искать другие возможности. Обучение и практика должна стать взаимовыгодной. Если три года назад среди участников дуального обучения было 600 предприятий, то сейчас более 3 тысяч предприятий работают по дуальной форме обучения», - сказала Шонаева.
Так же по ее словам, в данном направлении Алматинская область является самой передовой и лучшей по успешным примерам и подходам. К примеру, в регион ТОО «Байсерке Агро» первым в республике взял под доверительное управление Талгарский колледж агробизнеса и менеджмента.
Глава представительства Германского общества по техническому сотрудничеству Райнер Гертц предложил акиму области обратить внимание на немецкий подход к развитию ТиПО.
«Вы знаете, что в Германии сферу ТиПО курируют три отдела. Это отдел экономики, отдел труда и отдел образования. Было бы хорошо, если в регионе можно будет применить данный опыт, поскольку эти три звена должны работать вместе, между ними должен быть конструктивный диалог. Как мы заметили, в тех регионах, где уделяют большое внимание ТиПО, экономика и социальный сектор области является развитой и благоприятной», - отметил Гертц.
Координатор Ремесленной палаты г.Трир Альберт Овер поделился планами по совершенствованию дуального обучения в Казахстане. Директор Казахстанской туристской ассоциации Рашида Шайкенова озвучила отдельные проблемы кадров туриндустрии.
«В европейских ВУЗах 60% учебного времени отдают практике. Данный метод у них работает давно. А мы все еще боимся перешагнуть через это. Я думаю, что в ущерб некоторым предметным дисциплинам, нам нужно вводить практику. Только практика может научить студента, который выбрал турбизнес как отвечать на телефон, обслуживать клиента и улыбаться ему», - заявила Шайкенова. Кроме того, по ее словам, профессиональные стандарты в сфере гостеприимства, которые были утверждены в январе этого года, должны стать основой для создания образовательных стандартов.
Эксперт из Кыргызстана директор Школы непрерывного обучения университета Центральной Азии Гульнара Джунушалиева подняла проблемы и перспективы подготовки кадров в строительной сфере. Директор ТОО «КазРосАгро» Амангельды Муслим поделился опытом взаимодействия с учебным заведением в рамках дуального обучения. Предприятие с сентября 2014 года в числе участников Республиканской дорожной карты внедрения дуального обучения и является социальным партнером Чунджинского политехнического колледжа по специальности «Фермерское хозяйство», квалификация «Тракторист-машинист сельскохозяйственного производства». Преподаватели колледжа внесли изменения в учебный план в соотношении 40/60, с учетом рекомендаций предпринимателя.
«Партнерство в дуальном обучении не обязательно должно предполагать больших производственных мощностей. Мне достаточно 5 студентов, но я гарантирую качество их навыков и умений. Считаю, что для мотивации студентов их труд надо оплачивать. Своим пятерым студентам я плачу по 20 тысяч тенге каждому», - поделился предприниматель.
Отметим, в Республиканскую дорожную карту внедрения дуального обучения включены 27 колледжа области с охватом 1488 учащихся и более 140 предприятий. Осуществляется подготовка рабочих кадров по 8 отраслям, 17-ти специальностям и 20-ти квалификациям.
Кроме того, на форуме отмечены ряд компании, которые на протяжении нескольких лет демонстрируют успешный пример социального партнерства. Так, благодарственными письмами от акима области награждены ТОО «ТК-Метакон», ТОО «Лактис ЛТД» и ТОО «Байсерке Агро».
«Сегодня в ходе диалоговой площадки бизнес и колледжи смогли обсудить актуальные темы на рынке труда. Иной раз учреждения образования готовят специалистов по своему видению, а предпринимателем нужны те же специалисты, но которые овладели современными тенденциями данной профессии. Каждый молодой специалист должен быть востребованным на рынке труда. Но, для этого надо подготовить его по современным стандартам, которое как раз таки диктует рынок. Сегодня колледжи не оборудованы современными оборудованиями, станками и другой техникой. Студенты обучаются на устаревшей технике которую сейчас никто не использует. Кроме того, не хватает производственной практики. Поэтому, благодаря форуму мы подняли эти темы. В настоящее время на рынке кадров нам не хватают специалисты отрасли фармацевтики, агропромышленного сектора и туризма. Подготовка квалифицированных кадров это забота не только учреждении образования, но и в интересах самих работодателей. И здесь необходимо стимулировать бизнес среду, принимать активное участие в дуальном обучении кадров», - резюмировала глава областной Палаты Лаззат Чинкисбаева.
По завершении форума была принята общая резоюлция и определены приоритетные задачи совместной работы акимата и Палаты предпринимателей по развитию дуального обучения.

15:10
548

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: