АТТЕСТАЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖҮГІНЕТІН МОБИЛЬДІК ТОП ҚҰРЫЛДЫ

АТТЕСТАЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖҮГІНЕТІН МОБИЛЬДІК ТОП ҚҰРЫЛДЫ

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 8) тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестатауды өткізу туралы» № 404 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысының бұйрығымен Алматы облысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестатауды өткізетін комиссияларының шешіміне қатысты шағымдарды қарастыратын мобильдік топ құрылды.

Мобильдік топ құрамына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшылығы, мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері кірді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші аттестаттау қорытындысымен келіспеген жағдайда уәкілетті органға, аумақтық бөлімшесіне немесе сотқа жүгіне алады.

13:00
202

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: