LANG_USER_MENU_CLEAR

«Сіздің жолаушыңыз – бала» акциясы өтті

Алматы облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі Талдықорған қаласында «Сіздің жолаушыңыз – бала» акциясы өткізді.

«Бала – басты жолаушы екенін ешкім жоққа шығармайды. Көлік апаты орын алған жағдайда көп жағдайда зардап шегетін де – балалар. Көлік иелері түрлі сылтау тауып, балаларға арналған қауіпсіздік құрылғыларын алмайды. Дегенмен, ата-ана үшін бауыр еті баласынан қымбат ештеме жоқ екенін түсіндірген абзал»,- дейді жол-патрулдік полиция инспекторы.

Іс-шара барысында инспекторлар «БІЗ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАЛАЙМЫЗ» ұранымен әзірленген автокөлік креслоларының түрлері мен оларды пайдалану нұсқаулығы бар парақшалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның маңыздылығын жете түсінген жүргізушілер жергілікті полиция қызметіне алғысын білдірді.



Источник:
06:05
1882
BIGNEWS

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!