LANG_USER_MENU_CLEAR

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ

Тип статьи:
Авторская

Бүгінгі таңда, облыстың мемлекеттік органдары тарапынан, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу деген не, оны кім жүргізеді деген сұрақтар көптеп туындап жатыр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына» сәйкес 2016 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, оларды жою үшін тиісті іс-шаралар атқаруға міндетті.

Алайда, бүгінгі таңда Алматы облысындағы 604 мемлекеттік мекеменің 87 ғана өз қызметіне ішкі талдау жүргізген. Яғни тек 14,4 % пайыз.

Бұл, Алматы облысының мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік сектор субъетілеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған жол бермеу жұмыстарының өте төмен деңгейінің дәлелі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды мекеменің құрылымдық бөлімшесі, лауазымды тұлға, немесе мекеме қызметкерлерінен құрылатын жұмыс тобы жүргізеді.

Бұған негіз, сол мекеме басшысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шығарған бұйрығы болып табылады.

Жұмыс тобы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сол мекеменің қызметіне қатысты:

1. нормативтік құқықтық актірлер;

2. персоналды басқару;

3. кадрлардың ауысуы;

4. мемлекеттік қызметті сапалы көрсету;

5. өзге мемлекеттік органдардың бұған дейін жүргізген тексеру нәтижелері;

6. бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

7. жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

8. прокурорлық қадағалау актiлерi;

9. сот актілері;

10. рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асырудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, оларды жою бойынша ұсынымдар мен орындалу мерзімі көрсетілген талдамалық анықтама әзірлейді.

Әзірленген анықтама, тиісті шаралар қолдану және анықталған тәуекелдерді жою мақсатында сол мекеменің басшысына ұсынылады.

Осылайша, барлық мемлекеттік органдар, өз қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресуге өз үлесін қосады.

Ринат Рысбеков, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы

статьи, разные, интересные, полезные на bignews.kz
2042
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!