ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ ДЕРТ

Тип статьи:
Авторская
Источник:
https://www.facebook.com/dgsipkalmobl
ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ ДЕРТ

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр.

Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да оны­мен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықты болдырмау үнемі назарда үсталып келеді. Аталған бағытта атқарылып жатқан шаралардың басты мақсаты – мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолы­мен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбай­лас жемқорлық деңгейін төмендету. Сыбайлас жемқорлық – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, айналып келген­де билікке деген сенімін әлсіретеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын­да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру – аса маңызды міндет екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды қыры. Елбасының бүгінгі таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы. Олай болса, бәріміз қоғам бо­лып, оның әрбір мүшесі бо­лып жемқорлықпен күрес жүргізуіміз қажет.

статьи, разные, интересные, полезные на bignews.kz
126

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: