МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ НЫШАНЫ

Тип статьи:
Авторская
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ  НЫШАНЫ

02 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінде (әрі қарай - Департамент) ел рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Мемлекеттікрәміздер – Тәуелсіздігіміздіңнышаны» аттысалтанатты шара өтті.

Жиынға қатысушы Департамент қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап өткен Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаевтан кейін, арнайы шақыртылған І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Қуанған Өнербек, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының Талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Олжас Ескендіров және ҚР индустрия және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы М.Т.Толеужанов мемлекеттік рәміздеріміздің шығу тарихынан бастап, оны қолдану тәртібі мен оны бұзған жағдайдағы жауапкершілік, рәміздерге қатысты Ұлттық стандарттар туралы ақпараттық мәлімет беріп өтті.

Салтанатты жиын барысында Департаменттің бірқатар қызметшілерінің Ант қабылдау рәсімі өтті.

Сондай-ақ, Департаменттің бас мамандары Бақытжан Өмірбеков пен Жеңіс Андабеков Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының сәйкесінше Грамотасы және Алғысымен марапатталды.

Жиын соңы республикалық көркемсөз оқу байқауларының жүлдегері Талдықорған қаласының № 17 орта мектебінің 3-сынып оқушысы Нагашбек Назардың патриоттық тақырыптағы авторлық өлеңдерін оқуы мен Алматы облыстық Сүйінбай атындағыфилармония және «Талдықорған әуендері» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншілерінің қатысуымен мерекелік концертке ұласты.

статьи, разные, интересные, полезные на bignews.kz
213

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: