МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МӘРТЕБЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯ

Тип статьи:
Авторская
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МӘРТЕБЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2005 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және даярлау/қайта даярлау мақсатында құрылған. Қазіргі уақытта Академия жоғары кәсіби арнайы білімнің мемлекеттік оқу орны мәртебесімен жоғары білім және ғылыми мекемесі болып табылады.

Академия Қазақстандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі саласындағы жалғыз оқу-әдістемелік орны болып табылады және елдің мемлекеттік қызметкерлері (әрі қарай – мемлекеттік қызметкерлер) деңгейінің біліктілігін арттыру, даярлау/қайта даярлауға бағытталған. Академия қызметі мемлекеттік тапсырыс, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар және мемлекеттік ұйымдармен оқыту туралы шарттар, ғылыми зерттеулер және ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізуге шарттар негізінде, сондай-ақ ақылы негізде жүзеге асырылады. Академия жоғары білікті кадрларды жалпымемлекеттік ғылыми мамандықтар бойынша магистратура, докторантура арқылы жүргізеді.

Академияда оқудың мемлекеттік қызметкерлік мансаптық өсуіне оң ықпал ететін артықшылықтары бар:

Академия түлектері автоматты түрде мемлекеттік қызметкерлердің кадрлық резервіне қабылданады;

Академияда оқу уақыты мемлекеттік қызмет өтілі болып есептеледі;

Академияда оқитындар соңғы жұмыс орнындағы еңбекақы мөлшеріне сәйкес стипендия алады;

магистранттар және докторанттар мемлекеттік қызметкерлер үшін жатақханадан орындармен 100 %қамтамасыз етіледі;

Академияның «Құқықтану» мамандығының түлектері кешенді емтихан, соның ішінде судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырады;

Академияда оқу үшін Total E&P Kazakhstan, VICAT, AREVA, Ханнса Зайдель Қоры, «Арселор Миттал Темиртау» АҚ халықаралық ұйымдарынан білім грантын алуға болады;

Академияда білім алушылар жыл сайын Оксфордта және Кембриджде, Калифорнияда Берклиде, Вена дипломатиялық академиясында, Француз ұлттық ENM магистратура мектебінде, ROI мемлекеттік басқарудың Корольдық институтында, ауыл шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында шетелдік тағылымдамадан өтеді.

2012 жылдан бастап, Академияның ENA Ұлттық әкімшілендіру мектебі және TODAIE бірлескен қос дипломды алу мүмкіндігі ұсынылады.

Қазіргі уақытта Академияда оқу магистрлік және докторлық бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.

Академияға қалай түсуге болады? Осы сұрақтарға жауапты Алматы облысына арнайы кездесуге келген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Академиялық бағдарлама орталығы басшысы орынбасары Абжақов Әсет Талғатбекұлы облыстың мемлекеттік қызметкерлеріне түсіндіріп өтті.

Кездесуге әлеуетті үміткер мемлекеттік қызметшілер тікелей және аудан, қалалардан бейнебайланыс арқылы қатысты.

Кездесуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Сабирбаев Данияр Бауыржанұлы жүргізді.

Өз кезегінде кездесудің қонағы Абжақов Әсет Талғатбекұлы жиналғандарға парақшалар таратып, көрнекі түрде ақпараттық-түсірме жұмысын жүргізді.

статьи, разные, интересные, полезные на bignews.kz
312

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: