LANG_USER_MENU_CLEAR

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАРТИЯСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Тип статьи:
Авторская

Қазіргі таңда білім әлеуметтік және гуманитарлық дамудың таптырмайтын факторы және өз азаматтарына жаңа мыңжылдықтың сын-тегеуріндеріне құндылықтардың жинақтылығымен, жалпы әлеуметтік және мәдени өсімнің қатыстылығы түсінігімен қарсы тұруға қажетті ақпарды беруге қабілетті Қазақстан азаматтығын біріктіретін және байытатын қажетті құрамдас бөлігі ретінде кеңінен танылуда.

Осы орайда, 2017 жылғы 26 мамыр күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары бас қосты.

Жиынның басты мақсаты Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен (әра қарай - Департамент) бірлесіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартиясына қол қою болды.

Ал хартияның мақсаттары:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;

- мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуына жастарды және жастар ұйымдарын тарту;

- білім жүйесінде тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралардың қабылдануы мен нығайтылуына ықпал ету;

- сыбайлас жемқорлықтың ескертілуіне, соның ішінде сыбайлас жемқорлық жүріс-тұрысқа жағдай туғызушы себептер мен алғышарттарды анықтау бойынша шараларға заң аясында қолдау көрсету;

- адалдықты, сатылмаушылықты және тиісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрысты көтермелеу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартиясына Департамент, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, Талдықорған заң колледжі, Талдықорған политехникалық колледжі, Талдықорған агро – техникалық колледжі, К.Байсеитов атындағы Талдықорған саз колледжі, Талдықорған сервис және технологиялар колледжі, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі мен Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледждерінің басшылығы қол қойды.

статьи, разные, интересные, полезные на bignews.kz
1387
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!