РУХАНИ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БАСТЫ НЕГІЗІ - ҚАЗАҚ ТІЛІ

Тип статьи:
Авторская
РУХАНИ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БАСТЫ НЕГІЗІ - ҚАЗАҚ ТІЛІ

Тіл - халық қазынасы әрі асыл мұрасы. Әр ел мемлекет болып қалыптасқан соң, өзінің мемлекеттік тіл етіп ана тілін қабылдайды. Тіл халқы үшін баға жетпес құңдылық. Десе де, ана тілінде сөйлей алмайтын, сонысы үшін намыстанбайтын өз қандастарымызды көргенде, еріксіз бармағыңды тістейсің. Қазақстанда жүзден аса ұлт өкілдері тұрады деп мақтанамыз. Нанын жеп, ауасын жұтқан елдің мемлекеттік тілін үйренбегені үшін оларды кінәлаймыз. Бұл дұрыс емес.

Тіл қадірін білмеген - ел қадірін білмейді. Ең алғаш тіл ана сүтінен дариды. Тіл - адамның ең қажетті қазынасы. Ата-бабаларымыз тілдің шешендігімен қаншама дауды соғыссыз шешкен.

Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. Қазақ тілінің мәселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған тіл мәселесін жаңа ғасырдың алғашқы жиырма жылдығында түбегейлі шешуге мемлекет те мүдделі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек.

С.Елеуова, Талдықорғанқалалық Әділет басқармасының инспекторы, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Алматы облысыбойынша филиалының мүшесі

статьи, разные, интересные, полезные на bignews.kz
332

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: