СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІЛІМ БЕРУ – БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ

Тип статьи:
Авторская
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІЛІМ БЕРУ – БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ

Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі. Бұл арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға қажет және пайдалы тұлға қалыптастыру болып табылатын тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті.

Рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның өзіндік санасын дамыту, этикалық ұстанымдары мен оның моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін жағдай туғызуды көздейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық айыптауды көрсететін құндылықтар жүйесі; сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік қатынасты көрсетеді, «адалдық пен сатылмау – жүріс-тұрыс нормасы» берік азаматтық ұстанымды білдіреді.

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу жүйесін қалыптастыру - білім беру жүйесінің бөлек компоненті болып саналады.

Тәрбие мен білім беруде отбасылық тәрбиенің де айқындауыш екені белгілі. Отбасылық тәрбие адамгершілік, рухани және гуманистік құндылықтар тәрбиесі басым адамдар арасында эмоциялық және тиімді қарым-қатынастардың әлеуметтік-тарихи тәжірибесін табыстау болып табылады.

Балалар мен жастардың әлемдік және ұлттық мәдениеті, дәстүрлері мен барша қазақстандық қоғам қажеттіліктері негізінде құрылған жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануы алдыңғы кезекте тұруы тиіс.

Мектептердегі «Адал Ұрпақ» еріктілер клубтары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің бастамасы десек артық емес. «Адал Ұрпақ» деп аты айтып отырғандай, өскелеңұрпақтың адал да әділ, адамгершілік пен ізгілікті бойына сіңірген тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін өзін-өзі басқару ұйымы ретінде қарастыруға болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мұрат Тоғызбаев

статьи, разные, интересные, полезные на bignews.kz
142

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: