ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ КЕҢЕСІНЕ ЖҮГІНІҢІЗ!

Тип статьи:
Авторская

Елбасының бастамасымен жасалып жатқан реформалардың негiзгiсi – «100 нақты қадамнан» тұратын Ұлт жоспарының алғашқы 15-i мемлекеттiк аппаратты кәсiбилендiруден басталады. Мұның өзi қазiргi таңда мемлекеттiк қызметке ерекше көңiл бөлiнiп отырғанының айғағы. Осы iс-шаралар аясында мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамаларға түбегейлi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп, жаңартылғандығы белгiлi.

Жүйедегi өзгерiстер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi қалыптастырып, мемлекеттiк менеджменттiң халықтың алдындағы абырой-беделiн көтерiп, оның сапалы моделiн жасауға бағытталған.

1 млн. 950 мыңға жуық тұрғыны бар Алматы облысында бүгінгі күні 7637 мемлекеттік қызметші, соның ішінде жергілікті атқарушы органдарда 4109 мемлекеттік қызметші мемлекеттік міндеттерді атқаруға өз үлестерін қосуда.

Осы орайда, олардың тарапынан мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақталуына профилактикалық жұмыстар жүргізу заңнамаға жаңадан енгізіліп отырған Әдеп жөніндегі уәкілдің құзыретіне кіреді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызметі туралы» заңына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес, 2016 жылдың басынан берi Әдеп жөнiндегi уәкiл деп аталатын жаңа қызмет енгiзiлдi. Әдеп жөнiндегi уәкiл – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi талаптары бұзылуының алдын алумен айналысатын, сондай-ақ, өз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға кеңес беретiн мемлекеттiк қызметшi.

Облысымызда осы бағытта қызмет атқаратын облыс әкімінің кеңесшісі Өмірәлиев Талғат Әбенұлына әдеп жөніндегі уәкіл қызметі жүктелді.

Әдеп жөнiндегi уәкiл қызметiне тағайындалған кезден бастап, Алматы облысының әкімдігінің ресми сайтында Әдеп жөніндегі уәкілдің блогықұрылып, ол туралы халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мәлімет таратылды.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарын бұзу профилактикасын қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді, сонымен қатар, мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметшілерді көтермелеу туралы ұсыным білдіреді.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес атқара алады және жұмыс қорытындысы туралы мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органға есеп беріп отырады.

Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілер тарапынан құқықбұзушылықтар көрініс тапқан жағдайда кез келген тұлға әдеп жөніндегі уәкілге жүгіне алады.

Сонымен қатар, облысымыздың әдеп жөніндегі уәкілі Өмірәлиев Талғат Әбенұлы әр айдың екінші дүйсенбісі күні сағат 15.00-ден 18.30-ге дейін азаматтарды қабылдауды облыстық әкімдік ғимаратының 116-кабинетінде жүргізеді. Жұмыс телефоны: 8 (7282) 24-68-47.

Сымбат Исрапулова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы-баспасөз хатшысы

статьи, разные, интересные, полезные на bignews.kz
2246

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: